23 маусымда "Жұлдыз" жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде "Экологтар күні" өтті. Балалар жабайы табиғат әлеміне сырттай саяхат жасады. Бұл күні экологиялық тәрбиеге ерекше назар аударылды. "Жәндіктердің шағуына алғашқы көмек"әңгімесі өтті. Әңгіме барысында балалар ормандағы мінез-құлықтың негізгі ережелерін еске алды. Адам табиғатпен үйлесімді өмір сүруі керек деген қорытындыға келді.