Жылы мезгілдің басталуымен ата-аналар қырағылықты ұмытып, терезелерін ашық қалдырады. Балаларға барлығы қызық, оларды әрдайым «Неге» деген сұрақ мазалайды және үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты, біз еске саламыз: сіздің ПЕРІШТЕҢІЗДІҢ қанаттары жоқ! Ашық терезені қалдыру қауіпті! "Лавровка ОМ" КММ-де "Ашық терезелер" акциясы аясында шағын орталықтың тәрбиешісі М.С. Мақсұтова және мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Л.В. Гомилко "Балалар құс емес-олар ұшпайды" атты әңгіме өткізді. Балалардың жарақаттануының алдын алу және олардың өмірі мен денсаулығына ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында ата-аналармен және балалармен "Үйде бала бар-терезені жабыңыз"атты әңгіме өткізілді. Мінез-құлық ережелері мен нормаларын біле отырып, көптеген қиындықтардан аулақ болуға болады. Әрбір ата-анаға "Ашық терезе-балаға қауіп!» атты жадынама берілді.