Меню KDT

logo.png?_=1675681021

Коммунальное государственное учреждение "Лавровская средняя школа"
КГУ "Отдел образования Айыртауского района"
КГУ "Управление образования акимата Северо- Казахстанской области"
  • kz
  • ru
  • Новости

    КММ "Лавровка орта мектебінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кештерді өткізу туралы"

    2016 жылғы 28 және 29 желтоқсан, біздің мектеп оқушылары үшін, ең сиқырлы күндер болды. Бұл күндері мектепте Жаңа жылды қарсы алу мерекесі аталып өтті. Мектепте жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кештер ұйымдастырылып,өткізілді. Мерекелік іс-шаралардың өткізу орны әшекейленген, залдың ортасында шырша тұрды. Жаңа жылдық шырша төрт ағында өтті.



    КММ "Лавровка орта мектебінде жаңа жылдық ертеңгіліктер

    мен кештерді өткізу туралы"

    2016 жылғы 28 және 29 желтоқсан, біздің мектеп оқушылары үшін, ең сиқырлы күндер болды. Бұл күндері мектепте Жаңа жылды қарсы алу мерекесі аталып өтті. Мектепте жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кештер ұйымдастырылып,өткізілді. Мерекелік іс-шаралардың өткізу орны әшекейленген, залдың ортасында шырша тұрды. Жаңа жылдық шырша төрт ағында өтті.

    1 кезеңде (шағын орталық және мектепалды даярлық топ) жаңа жылдық қойылым ата-аналармен бірлесіп дайындалды және тәрбиешілер Гомилко Л. В.мен Максутова М. С-ның жүргізілуімен өткізілді. Жаңа Жылдық қойылымдар жарқын сценарилардың орындалу шеберлігімен, ата - аналардың белсенділігімен тартымды болды. Оқушыларға аққала, аяз ата мен ақшақар шанамен келіп, жүлделер мен сыйлықтар сыйлады. Барлық балалар ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киді. Балалармен қызықты, көп жылжымалы және көңілді ойындар өткізілді.

    2 кезең (1-4 сынып) жаңа жылдық театрландырылған көрініс "Жаңа жылдық ертегіде қонақта" дайындалды, онда балаларды ертегі кейіпкерлері күтті. Осы ұсынысты Е. В. Симакова және Калибекова Р. О. ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырды. Ақжелкен, мыстан кемпір мен ақшақар рөлін ата-аналар ойнады. Оқушылар ән айтып, би билеп, көріністер қойды, тақпақтар айтып, аяз атамен ақшақарды қуантты. Қызықты конкурстар мен ойындарға қатысты. Барлық оқушылар жаңа жылдық ойыншықтармен тәтті сыйлықтармен марапатталды, шыршадан көңілді күймен үйлеріне қайтты.

    29 желтоқсанда 7 "Б" сынып оқушыларының басшылығымен және сынып жетекшісі Наубаеваның жетекшілігімен орта буында  көңілді ойын - сауық іс-шарасы өтті. Әр сынып жаңа жылдық тақырыпта дайындаған бірегей көркем нөмірлерін көрсетті. Бағдарлама жүргізушілері балалармен қызықты ойындар және байқаулар өткізді. Мереке соңында  ұтымды жаңа жылдық лотереялар өткізілді. Барлық жеңімпаздарға естелік және тәтті сыйлықтар берілді.

    4 кезеңді 10 "Б" сыныбы және сынып жетекшісі Истомина С. А. ұйымдастырды. Оқушылар би билеп, ән айтты. Мерекенің жүргізушілері көптеген қызықты сайыстармен ойындар өткізді, жеңген оқушылар шағын сыйлықтармен  және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Балалардың көңіл-күйлері мерекелік күйде, барлық балалар әдемі киінген, олар залдағы әр адамға күлкі мен бақытты көзқарас сыйлайды. Мерекеге ата-аналарда жиналған. Оқушылар бізді, өздерінің қызықты қойылымдарымен, әзілдерімен қуантты, барлық балаларды келе Жатқан Жаңа Жылмен заманауи аяз ата мен ақшақар құттықтады. Балаларға Жаңа Жылдың символы – шыршаның шамы жағылды, жаңа жылдық лотерея ұтысы ойнатылды.

     Бұл күн балалардың естерінде қалады деп үміттенеміз.

     

    05.01.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор школы Мукашева Гулимжан Аманжоловна

    Заместитель директора по УР Сычёва Ирина Вячеславовна

    Заместитель директора по ВР Сурмина Людмила Евгеньевна

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки